|
ПОЛИТИКА КОНФИДЕНЦИАЛЬНОСТИ
|
ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ
|
|
ТОО «Центр глаза - АЙНА-КӨЗ» Сайт www.centrglaza.kz и связанные с ним обращения
|
«Центр глаза - АЙНА-КӨЗ» ЖШС www.centrglaza.kz сайты және оған байланысты өтініштер
|
|
1. Общие положения
|
1. Жалпы ережелер
|
|
1.1. Настоящая Политика конфиденциальности (далее — Политика) определяет порядок сбора, обработки и защиты персональных данных пользователей сайта www.centrglaza.kz (далее — Сайт), лиц, обращающихся в Клинику через указанные на Сайте каналы связи, и их законных представителей.
|
1.1. Осы Құпиялылық саясаты (бұдан әрі — Саясат) www.centrglaza.kz сайтының (бұдан әрі — Сайт) пайдаланушыларының, Сайтта көрсетілген байланыс арналары арқылы Клиникаға жүгінетін тұлғалардың және олардың заңды өкілдерінің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау тәртібін айқындайды.
|
|
1.2. Собственником и оператором базы и (или) цифрового объекта, содержащих персональные данные, в пределах осуществляемой обработки является ТОО «Центр глаза - АЙНА-КӨЗ», БИН 990340009305 (далее — Клиника). Контакты для обращений приведены в разделе 11.
|
1.2. Жүзеге асырылатын өңдеу шегінде дербес деректерді қамтитын базаның және (немесе) цифрлық объектінің меншік иесі және операторы «Центр глаза - АЙНА-КӨЗ» ЖШС, БСН 990340009305 (бұдан әрі — Клиника) болып табылады. Өтініштерге арналған байланыс деректері 11-бөлімде көрсетілген.
|
|
1.3. Политика разработана на основании Закона Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 94-V «О персональных данных и их защите» (далее — Закон), Правил сбора, обработки персональных данных, утверждённых приказом от 21 октября 2020 года № 395/НҚ, и иных применимых нормативных правовых актов Республики Казахстан.
|
1.3. Саясат «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңының (бұдан әрі — Заң), 2020 жылғы 21 қазандағы № 395/НҚ бұйрықпен бекітілген Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларының және Қазақстан Республикасының өзге де қолданылатын нормативтік құқықтық актілерінің негізінде әзірленді.
|
|
1.4. Политика является информационным и организационным документом. Она не является публичным договором оказания медицинских услуг и не заменяет согласие на сбор и обработку персональных данных. Само посещение Сайта и ознакомление с Политикой не означают предоставление такого согласия.
|
1.4. Саясат ақпараттық және ұйымдастырушылық құжат болып табылады. Ол медициналық қызметтер көрсетуге арналған жария шарт болып табылмайды және дербес деректерді жинауға және өңдеуге берілетін келісімді алмастырмайды. Сайтқа кірудің және Саясатпен танысудың өзі мұндай келісімнің берілгенін білдірмейді.
|
|
1.5. Политика охватывает обращения, обратные звонки, запись на приём и техническую обработку при использовании Сайта. Обработка медицинской документации при оказании помощи дополнительно регулируется законодательством в сфере здравоохранения, требованиями о тайне медицинского работника и соответствующими документами Клиники.
|
1.5. Саясат өтініштерді, кері қоңырауларды, қабылдауға жазылуды және Сайтты пайдалану кезіндегі техникалық өңдеуді қамтиды. Медициналық көмек көрсету кезінде медициналық құжаттаманы өңдеу денсаулық сақтау саласындағы заңнамамен, медицина қызметкерінің құпиясына қойылатын талаптармен және Клиниканың тиісті құжаттарымен қосымша реттеледі.
|
|
1.6. Клиника обрабатывает данные для заранее определённых законных целей, в необходимом и достаточном объёме. Не допускаются избыточный сбор и использование данных для целей, несовместимых с заявленными при их сборе.
|
1.6. Клиника деректерді алдын ала айқындалған заңды мақсаттар үшін қажетті және жеткілікті көлемде өңдейді. Деректерді шамадан тыс жинауға және оларды жинау кезінде мәлімделген мақсаттармен үйлеспейтін мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
|
|
2. Основные понятия
|
2. Негізгі ұғымдар
|
|
2.1. Персональные данные — сведения или совокупность сведений о физическом лице, дополненные одним или несколькими идентификаторами персональных данных. Субъект персональных данных — физическое лицо, к которому относятся эти данные.
|
2.1. Дербес деректер — дербес деректердің бір немесе бірнеше сәйкестендіргішімен толықтырылған жеке тұлға туралы мәліметтер немесе мәліметтер жиынтығы. Дербес деректер субъектісі — осы деректер өзіне қатысты болатын жеке тұлға.
|
|
2.2. Обработка включает предусмотренные Законом действия с персональными данными, в том числе накопление, хранение, изменение, дополнение, использование, передачу, обезличивание, анонимизацию, блокирование, уничтожение и удаление.
|
2.2. Өңдеу дербес деректермен жасалатын, Заңда көзделген әрекеттерді, оның ішінде жинақтауды, сақтауды, өзгертуді, толықтыруды, пайдалануды, беруді, иесіздендіруді, анонимдеуді, бұғаттауды, жоюды және алып тастауды қамтиды.
|
|
2.3. Cookies — небольшие файлы, используемые браузером при работе с Сайтом. IP-адрес, идентификаторы cookies и иные технические сведения рассматриваются как персональные данные, если позволяют идентифицировать человека или связать с ним сведения. Они не признаются автоматически обезличенными.
|
2.3. Cookies — Сайтпен жұмыс істеу кезінде браузер пайдаланатын шағын файлдар. IP-мекенжай, cookies сәйкестендіргіштері және өзге де техникалық мәліметтер адамды сәйкестендіруге немесе мәліметтерді онымен байланыстыруға мүмкіндік берсе, дербес деректер ретінде қарастырылады. Олар автоматты түрде иесіздендірілген деп танылмайды.
|
|
3. Цели и состав обрабатываемых данных
|
3. Өңделетін деректердің мақсаттары мен құрамы
|
|
3.1. Для обратного звонка и ответа на обращение: фамилия, имя, отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность), контактный телефон, электронная почта при выборе этого способа связи, содержание обращения и сведения о его обработке. ИИН для обычного обратного звонка не запрашивается.
|
3.1. Кері қоңырау шалу және өтінішке жауап беру үшін: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), байланыс телефоны, осы байланыс тәсілі таңдалған жағдайда электрондық пошта, өтініштің мазмұны және оны өңдеу туралы мәліметтер. Әдеттегі кері қоңырау үшін ЖСН сұратылмайды.
|
|
3.2. Для идентификации пациента, оформления и сопровождения записи на приём: фамилия, имя, отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность), ИИН, контактный телефон, выбранные врач или услуга, дата и время приёма. Сбор осуществляется через форму записи или уполномоченным сотрудником на соответствующем правовом основании. Необходимость ИИН определяется целью идентификации и утверждённым перечнем данных; для общей консультации или обратного звонка ИИН не требуется.
|
3.2. Пациентті сәйкестендіру, қабылдауға жазылуды ресімдеу және сүйемелдеу үшін: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), ЖСН, байланыс телефоны, таңдалған дәрігер немесе қызмет, қабылдау күні мен уақыты. Деректер тиісті құқықтық негізде жазылу нысаны арқылы жиналады немесе оларды уәкілетті қызметкер жинайды. ЖСН қажеттілігі сәйкестендіру мақсатына және бекітілген деректер тізбесіне сәйкес айқындалады; жалпы кеңес немесе кері қоңырау үшін ЖСН талап етілмейді.
|
|
3.3. При обращении законного представителя обрабатываются необходимые сведения о пациенте, представителе и его полномочиях. Объём сведений определяется целью обращения и требованиями законодательства; полномочия подлежат проверке.
|
3.3. Заңды өкіл жүгінген кезде пациент, өкіл және оның өкілеттігі туралы қажетті мәліметтер өңделеді. Мәліметтердің көлемі өтініштің мақсатына және заңнама талаптарына сәйкес айқындалады; өкілеттік тексерілуге тиіс.
|
|
3.4. Для подтверждения согласия и исполнения обращений: сведения о субъекте, текст и версия согласия, дата, время, способ его предоставления или отзыва, подтверждающее действие, а также необходимые технические идентификаторы. Их фактический перечень раскрывается при получении согласия.
|
3.4. Келісімді растау және өтініштерді орындау үшін: субъект туралы мәліметтер, келісімнің мәтіні мен нұсқасы, оны беру немесе кері қайтарып алу күні, уақыты, тәсілі, растайтын әрекет, сондай-ақ қажетті техникалық сәйкестендіргіштер. Олардың нақты тізбесі келісімді алу кезінде ашып көрсетіледі.
|
|
3.5. Для работы и защиты Сайта могут обрабатываться IP-адрес, дата и время запроса, адрес страницы, сведения о браузере и устройстве, технические журналы и cookies — в объёме, необходимом для конкретной функции, на надлежащем правовом основании.
|
3.5. Сайттың жұмыс істеуі және қорғалуы үшін IP-мекенжай, сұрау салу күні мен уақыты, беттің мекенжайы, браузер мен құрылғы туралы мәліметтер, техникалық журналдар және cookies нақты функция үшін қажетті көлемде, тиісті құқықтық негізде өңделуі мүмкін.
|
|
3.6. Для необязательной аналитики и рекламных рассылок данные обрабатываются отдельно от заявки в порядке разделов 4 и 5. ИИН и сведения о здоровье не включаются в рекламные выгрузки в рамках настоящей Политики.
|
3.6. Міндетті емес талдау және жарнамалық хабарламалар тарату үшін деректер өтінімнен бөлек, 4 және 5-бөлімдерде белгіленген тәртіппен өңделеді. Осы Саясат шеңберінде ЖСН және денсаулық туралы мәліметтер жарнама мақсатында экспортталатын деректерге енгізілмейді.
|
|
3.7. Форма обратного звонка не предназначена для отправки медицинских документов, фотографий обследований, платёжных реквизитов или копий удостоверения личности. Если для медицинской помощи нужны дополнительные сведения, Клиника разъясняет цель, основание и подходящий способ их передачи.
|
3.7. Кері қоңырау нысаны медициналық құжаттарды, тексеру нәтижелерінің фотосуреттерін, төлем деректемелерін немесе жеке куәлік көшірмелерін жіберуге арналмаған. Медициналық көмек үшін қосымша мәліметтер қажет болса, Клиника олардың мақсатын, негізін және берудің қолайлы тәсілін түсіндіреді.
|
|
4. Основания обработки и согласие
|
4. Өңдеу негіздері және келісім
|
|
4.1. Сбор и обработка осуществляются с согласия субъекта или его законного представителя, кроме конкретных случаев, прямо предусмотренных Законом. Наличие договора само по себе не рассматривается как универсальное разрешение обрабатывать любые данные без согласия.
|
4.1. Жинау және өңдеу Заңда тікелей көзделген нақты жағдайларды қоспағанда, субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылады. Шарттың болуы өздігінен кез келген деректерді келісімсіз өңдеуге жалпы рұқсат ретінде қарастырылмайды.
|
|
4.2. Согласие предоставляется письменно, через государственный или негосударственный сервис либо иным способом, позволяющим подтвердить его получение. В предусмотренных Законом случаях обработки данных из цифровых объектов государственных органов и государственных юридических лиц согласие предоставляется через государственный сервис. Клиника сохраняет доказательства получения согласия и его текст.
|
4.2. Келісім жазбаша түрде, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес сервис арқылы не оның алынғанын растауға мүмкіндік беретін өзге тәсілмен беріледі. Мемлекеттік органдардың және мемлекеттік заңды тұлғалардың цифрлық объектілеріндегі деректерді өңдеудің Заңда көзделген жағдайларында келісім мемлекеттік сервис арқылы беріледі. Клиника келісімнің алынғанын растайтын дәлелдемелерді және оның мәтінін сақтайды.
|
|
4.3. Согласие содержит наименование и БИН Клиники; фамилию, имя, отчество субъекта (если оно указано в документе, удостоверяющем личность); перечень данных; срок или период действия согласия; сведения о возможности либо отсутствии возможности передачи третьим лицам и распространения в общедоступных источниках; сведения о наличии либо отсутствии трансграничной передачи. До предоставления согласия субъекту также раскрываются цели и условия обработки.
|
4.3. Келісімде Клиниканың атауы мен БСН; субъектінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе); деректер тізбесі; келісімнің қолданылу мерзімі немесе кезеңі; үшінші тұлғаларға беру және жалпыға бірдей қолжетімді көздерде тарату мүмкіндігінің бар немесе жоқ екені туралы мәліметтер; трансшекаралық берудің бар немесе жоқ екені туралы мәліметтер қамтылады. Келісім берілгенге дейін субъектіге өңдеудің мақсаттары мен шарттары да ашып көрсетіледі.
|
|
4.4. В электронной форме согласие выражается отдельным подтверждаемым действием. Отметка согласия не устанавливается заранее; полный текст доступен до отправки формы. Ссылка на Политику не заменяет текст согласия.
|
4.4. Электрондық нысанда келісім расталуы мүмкін жеке әрекет арқылы білдіріледі. Келісім белгісі алдын ала қойылмайды; толық мәтін нысан жіберілгенге дейін қолжетімді болады. Саясатқа сілтеме келісім мәтінін алмастырмайды.
|
|
4.5. Согласие для обратного звонка не распространяется автоматически на запись с использованием ИИН, медицинскую документацию, рекламу или публикацию сведений. Для иной цели оформляется соответствующее основание и при необходимости отдельное согласие.
|
4.5. Кері қоңырауға берілген келісім ЖСН пайдалана отырып қабылдауға жазылуға, медициналық құжаттамаға, жарнамаға немесе мәліметтерді жариялауға автоматты түрде қолданылмайды. Өзге мақсат үшін тиісті негіз және қажет болған жағдайда бөлек келісім ресімделеді.
|
|
4.6. Рекламные сообщения об акциях, новых услугах и мероприятиях направляются только при отдельном подтверждаемом согласии. Оно определяет каналы, состав данных, цель, срок и условия передачи. Отказ от рекламы не препятствует обращению или записи на приём. Уведомления по текущей заявке используются только для её сопровождения.
|
4.6. Акциялар, жаңа қызметтер және іс-шаралар туралы жарнамалық хабарламалар расталуы мүмкін бөлек келісім болған кезде ғана жіберіледі. Онда арналар, деректердің құрамы, мақсат, мерзім және беру шарттары айқындалады. Жарнамадан бас тарту өтініш жасауға немесе қабылдауға жазылуға кедергі келтірмейді. Ағымдағы өтінімге қатысты хабарламалар тек оны сүйемелдеу үшін пайдаланылады.
|
|
4.7. Для отказа от рекламных сообщений можно использовать доступный в сообщении способ либо направить обращение на info@centrglaza.kz с темой «Отказ от рекламы». Клиника прекращает рекламные отправки по соответствующему контакту и учитывает отказ в используемых каналах.
|
4.7. Жарнамалық хабарламалардан бас тарту үшін хабарламада қолжетімді тәсілді пайдалануға немесе info@centrglaza.kz мекенжайына «Жарнамадан бас тарту» тақырыбымен өтініш жіберуге болады. Клиника тиісті байланыс дерегі бойынша жарнамалық хабарламалар жіберуді тоқтатады және пайдаланылатын арналарда бас тартуды ескереді.
|
|
5. Cookies, аналитика и внешние сервисы
|
5. Cookies, талдау және сыртқы сервистер
|
|
5.1. До использования необязательных аналитических или рекламных технологий, обрабатывающих персональные данные на основании согласия, Клиника обеспечивает получение согласия. Отказ от них не должен препятствовать использованию основных функций Сайта.
|
5.1. Келісім негізінде дербес деректерді өңдейтін міндетті емес талдау немесе жарнама технологияларын пайдаланғанға дейін Клиника келісім алуды қамтамасыз етеді. Олардан бас тарту Сайттың негізгі функцияларын пайдалануға кедергі келтірмеуге тиіс.
|
|
5.2. На Сайте должно быть доступно уведомление о фактически используемых технологиях: назначении, составе данных, поставщиках, сроках действия и способах изменения выбора. Необходимость технической функции сама по себе не отменяет требований Закона к основанию обработки.
|
5.2. Сайтта нақты пайдаланылатын технологиялар туралы хабарлама қолжетімді болуға тиіс: олардың мақсаты, деректердің құрамы, жеткізушілер, қолданылу мерзімдері және таңдауды өзгерту тәсілдері көрсетіледі. Техникалық функцияның қажеттілігі өздігінен өңдеу негізіне қатысты Заң талаптарын жоймайды.
|
|
5.3. Внешние карты, видео, мессенджеры и сервисы записи могут осуществлять собственную обработку. До передачи данных через встроенную интеграцию Клиника раскрывает применимые условия. Переход по ссылке не является согласием на любую последующую обработку; к действиям внешнего оператора применяется также его политика.
|
5.3. Сыртқы карталар, бейнематериалдар, мессенджерлер және қабылдауға жазылу сервистері деректерді өздері де өңдеуі мүмкін. Кіріктірілген интеграция арқылы деректерді бергенге дейін Клиника қолданылатын шарттарды ашып көрсетеді. Сілтеме арқылы өту кез келген кейінгі өңдеуге келісім болып табылмайды; сыртқы оператордың әрекеттеріне оның саясаты да қолданылады.
|
|
6. Доступ, передача и конфиденциальность
|
6. Қол жеткізу, беру және құпиялылық
|
|
6.1. Доступ работников Клиники ограничивается служебной необходимостью и предоставленными полномочиями. Лица, получающие доступ, обязаны соблюдать конфиденциальность. Сведения о здоровье защищаются также в соответствии с законодательством в сфере здравоохранения.
|
6.1. Клиника қызметкерлерінің қол жеткізуі қызметтік қажеттілікпен және берілген өкілеттіктермен шектеледі. Қол жеткізетін тұлғалар құпиялылықты сақтауға міндетті. Денсаулық туралы мәліметтер денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкес те қорғалады.
|
|
6.2. Привлечение поставщиков хостинга, почты, систем записи, CRM и технической поддержки допускается только после проверки основания, объёма и условий обработки. Договоры должны закреплять цели, допустимые действия, конфиденциальность, меры защиты, порядок реагирования на нарушения, возврата, удаления или уничтожения данных.
|
6.2. Хостинг, пошта, қабылдауға жазылу жүйелері, CRM және техникалық қолдау жеткізушілерін тартуға өңдеудің негізі, көлемі және шарттары тексерілгеннен кейін ғана жол беріледі. Шарттарда мақсаттар, рұқсат етілген әрекеттер, құпиялылық, қорғау шаралары, бұзушылықтарға ден қою, деректерді қайтару, алып тастау немесе жою тәртібі бекітілуге тиіс.
|
|
6.3. До передачи на основании согласия субъекту раскрываются фактические получатели или определённый перечень получателей, цели, состав передаваемых данных и условия обработки. Категории подрядчиков, перечисленные в пункте 6.2, не являются разрешением передавать данные любому поставщику. Клиника ведёт и актуализирует реестр получателей.
|
6.3. Келісім негізінде деректерді бергенге дейін субъектіге нақты алушылар немесе алушылардың айқындалған тізбесі, мақсаттар, берілетін деректердің құрамы және өңдеу шарттары ашып көрсетіледі. 6.2-тармақта аталған мердігерлер санаттары деректерді кез келген жеткізушіге беруге рұқсат болып табылмайды. Клиника алушылар тізілімін жүргізеді және өзекті күйде ұстайды.
|
|
6.4. Государственным органам и иным уполномоченным лицам данные передаются при наличии предусмотренного законодательством основания, в необходимом объёме и с фиксацией основания передачи.
|
6.4. Мемлекеттік органдарға және өзге де уәкілетті тұлғаларға деректер заңнамада көзделген негіз болған кезде, қажетті көлемде және беру негізін тіркей отырып беріледі.
|
|
6.5. Хранение персональных данных Клиникой и привлечёнными получателями должно осуществляться в базах и (или) цифровых объектах, находящихся на территории Республики Казахстан, в соответствии со статьёй 12 Закона. Проверка охватывает почту, системы записи, CRM, выгрузки и резервные копии.
|
6.5. Клиника және тартылған алушылар дербес деректерді Заңның 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан базаларда және (немесе) цифрлық объектілерде сақтауға тиіс. Тексеру поштаны, қабылдауға жазылу жүйелерін, CRM, экспортталған деректерді және резервтік көшірмелерді қамтиды.
|
|
6.6. Трансграничная передача допускается только при соблюдении статьи 16 Закона. До её осуществления Клиника проверяет основание и условия передачи, раскрывает субъекту её наличие, получателей, страны, данные и цели; в необходимых случаях получает согласие. Согласие не отменяет требования о хранении данных в Казахстане.
|
6.6. Трансшекаралық беруге Заңның 16-бабы сақталған кезде ғана жол беріледі. Оны жүзеге асырғанға дейін Клиника берудің негізі мен шарттарын тексереді, субъектіге оның бар екенін, алушыларды, елдерді, деректерді және мақсаттарды ашып көрсетеді; қажетті жағдайларда келісім алады. Келісім деректерді Қазақстанда сақтау талабын жоймайды.
|
|
6.7. Клиника проверяет получателей, территорию хранения и условия передачи по действующим и новым интеграциям. Новая интеграция вводится в эксплуатацию после проверки. При отсутствии законного основания или необходимых мер защиты соответствующая обработка не допускается. Использование внешнего сервиса не освобождает Клинику от ответственности за собственные действия с данными.
|
6.7. Клиника қолданыстағы және жаңа интеграциялар бойынша алушыларды, сақтау аумағын және беру шарттарын тексереді. Жаңа интеграция тексерілгеннен кейін пайдалануға енгізіледі. Заңды негіз немесе қажетті қорғау шаралары болмаған кезде тиісті өңдеуге жол берілмейді. Сыртқы сервисті пайдалану Клиниканы деректермен жасаған өз әрекеттері үшін жауапкершіліктен босатпайды.
|
|
6.8. Согласие на обращение или запись не разрешает публиковать персональные данные, отзывы с идентифицирующими сведениями, фотографии или информацию о здоровье. Для публикации требуется самостоятельное законное основание и, когда оно необходимо, отдельное согласие.
|
6.8. Өтінішке немесе қабылдауға жазылуға берілген келісім дербес деректерді, сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтері бар пікірлерді, фотосуреттерді немесе денсаулық туралы ақпаратты жариялауға рұқсат бермейді. Жариялау үшін дербес заңды негіз және қажет болған кезде бөлек келісім талап етіледі.
|
|
7. Сроки хранения и прекращение обработки
|
7. Сақтау мерзімдері және өңдеуді тоқтату
|
|
7.1. Данные хранятся до достижения заявленной цели, если иной срок не установлен законодательством. Срок согласия не превышает необходимый для цели период, кроме случаев, предусмотренных законами Республики Казахстан или договором. Бессрочное согласие по умолчанию не применяется.
|
7.1. Егер заңнамада өзге мерзім белгіленбесе, деректер мәлімделген мақсатқа қол жеткізілгенге дейін сақталады. Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, келісім мерзімі мақсатқа жету үшін қажетті кезеңнен аспайды. Мерзімсіз келісім әдепкі тәртіппен қолданылмайды.
|
|
7.2. Обработка обычной заявки завершается после ответа и выполнения запрошенных действий либо после отмены обращения. При переходе к записи на приём дальнейшая обработка осуществляется для соответствующей цели и на соответствующем основании.
|
7.2. Әдеттегі өтінімді өңдеу жауап берілгеннен және сұратылған әрекеттер орындалғаннан кейін не өтініштің күші жойылғаннан кейін аяқталады. Қабылдауға жазылуға көшкен кезде одан әрі өңдеу тиісті мақсат үшін және тиісті негізде жүзеге асырылады.
|
|
7.3. Для сведений о записи, доказательств согласия, технических журналов, обращений и резервных копий Клиника устанавливает отдельные сроки или объективные критерии их окончания. Они закрепляются во внутренних документах и раскрываются субъекту в согласии или соответствующем уведомлении до начала обработки. Единый произвольный срок для всех данных не применяется.
|
7.3. Қабылдауға жазылу туралы мәліметтер, келісімнің дәлелдемелері, техникалық журналдар, өтініштер және резервтік көшірмелер үшін Клиника бөлек мерзімдерді немесе олардың аяқталуының объективті өлшемшарттарын белгілейді. Олар ішкі құжаттарда бекітіледі және өңдеу басталғанға дейін келісімде немесе тиісті хабарламада субъектіге ашып көрсетіледі. Барлық деректер үшін бірыңғай еркін белгіленген мерзім қолданылмайды.
|
|
7.4. Документы, подлежащие обязательному хранению, сохраняются в течение установленного законодательством срока. Отзыв согласия не прекращает такое хранение; Клиника сообщает субъекту категории данных, основание и применимый срок дальнейшей обработки.
|
7.4. Міндетті сақталуға жататын құжаттар заңнамада белгіленген мерзім бойы сақталады. Келісімді кері қайтарып алу мұндай сақтауды тоқтатпайды; Клиника субъектіге деректердің санаттарын, одан әрі өңдеудің негізін және қолданылатын мерзімін хабарлайды.
|
|
7.5. При достижении цели, истечении срока или прекращении законного основания Клиника обеспечивает уничтожение и (или) удаление данных, если отсутствует другое законное основание. Действия охватывают рабочие системы, выгрузки и данные у подрядчиков. Резервные копии учитываются в установленном порядке удаления и не используются для возобновления прекращённой обработки.
|
7.5. Мақсатқа қол жеткізілгенде, мерзім аяқталғанда немесе заңды негіз тоқтағанда, өзге заңды негіз болмаса, Клиника деректерді жоюды және (немесе) алып тастауды қамтамасыз етеді. Әрекеттер жұмыс жүйелерін, экспортталған деректерді және мердігерлердегі деректерді қамтиды. Резервтік көшірмелер алып тастаудың белгіленген тәртібінде ескеріледі және тоқтатылған өңдеуді қайта бастау үшін пайдаланылмайды.
|
|
8. Права субъекта и порядок обращений
|
8. Субъектінің құқықтары және өтініштер беру тәртібі
|
|
8.1. Субъект или его законный представитель вправе получать сведения об обработке и бесплатно знакомиться со своими данными; требовать их изменения, дополнения, блокирования, уничтожения или удаления при наличии законных оснований; отзывать согласие; обжаловать действия и бездействие Клиники уполномоченному органу и в суд.
|
8.1. Субъект немесе оның заңды өкілі өңдеу туралы мәліметтер алуға және өз деректерімен тегін танысуға; заңды негіздер болған кезде оларды өзгертуді, толықтыруды, бұғаттауды, жоюды немесе алып тастауды талап етуге; келісімді кері қайтарып алуға; Клиниканың әрекеттері мен әрекетсіздігіне уәкілетті органға және сотқа шағымдануға құқылы.
|
|
8.2. Обращение направляется на info@centrglaza.kz либо по адресу: Республика Казахстан, Северо-Казахстанская область, г. Петропавловск, ул. Шухова, 34. Указываются Ф. И. О., требование и способ ответа; представитель подтверждает полномочия. Запрос о доступе подаётся письменно, в форме электронного документа либо иным законным способом с применением защитных действий. До раскрытия данных Клиника проверяет личность и полномочия, запрашивая только необходимые сведения. Копия удостоверения личности автоматически не требуется.
|
8.2. Өтініш info@centrglaza.kz мекенжайына не мына мекенжайға жіберіледі: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Шухов көшесі, 34. Тегі, аты, әкесінің аты, талап және жауап беру тәсілі көрсетіледі; өкіл өкілеттігін растайды. Қол жеткізу туралы сұрау салу жазбаша түрде, электрондық құжат нысанында не қорғаныш әрекеттерін қолдана отырып өзге заңды тәсілмен беріледі. Деректерді ашып көрсеткенге дейін Клиника қажетті мәліметтерді ғана сұратып, жеке басты және өкілеттікті тексереді. Жеке куәліктің көшірмесі автоматты түрде талап етілмейді.
|
|
8.3. При отзыве согласия Клиника в течение пятнадцати рабочих дней прекращает обработку, если её продолжение не требуется законодательством, либо предоставляет мотивированный отказ. Предусмотренные пунктом 2 статьи 8 Закона ограничения отзыва применяются при противоречии законам Республики Казахстан или наличии неисполненного обязательства.
|
8.3. Келісім кері қайтарып алынған кезде, өңдеуді жалғастыру заңнама бойынша талап етілмесе, Клиника он бес жұмыс күні ішінде өңдеуді тоқтатады не уәжді бас тартуды ұсынады. Заңның 8-бабының 2-тармағында көзделген кері қайтарып алуға шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келгенде немесе орындалмаған міндеттеме болғанда қолданылады.
|
|
8.4. В течение одного рабочего дня в предусмотренных статьёй 25 Закона случаях Клиника: изменяет или дополняет данные на основании подтверждающих документов, а при невозможности — уничтожает или удаляет их; блокирует данные при наличии информации о нарушении условий обработки; уничтожает или удаляет их при подтверждении нарушения; снимает блокирование, если нарушение не подтвердилось.
|
8.4. Заңның 25-бабында көзделген жағдайларда Клиника бір жұмыс күні ішінде: растайтын құжаттардың негізінде деректерді өзгертеді немесе толықтырады, ал бұл мүмкін болмаса — оларды жояды немесе алып тастайды; өңдеу шарттарының бұзылғаны туралы ақпарат болған кезде деректерді бұғаттайды; бұзушылық расталған кезде оларды жояды немесе алып тастайды; бұзушылық расталмаса, бұғаттауды алып тастайды.
|
|
8.5. Данные, незаконно включённые в общедоступные источники, исключаются из них в течение одного рабочего дня по требованию субъекта или представителя либо по решению суда или иных уполномоченных государственных органов в соответствии со статьёй 6 Закона.
|
8.5. Жалпыға бірдей қолжетімді көздерге заңсыз енгізілген деректер Заңның 6-бабына сәйкес субъектінің немесе өкілінің талабы бойынша не соттың немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың шешімі бойынша бір жұмыс күні ішінде олардан алып тасталады.
|
|
8.6. Информация о персональных данных субъекта предоставляется в течение трёх рабочих дней со дня получения обращения; в тот же срок направляется мотивированный отказ, если иные сроки не предусмотрены законами Республики Казахстан (пункт 16 Правил, указанных в пункте 1.3). Иные требования исполняются в применимые к ним сроки. Срок отзыва согласия не заменяет более короткие специальные сроки.
|
8.6. Қазақстан Республикасының заңдарында өзге мерзімдер көзделмесе, субъектінің дербес деректері туралы ақпарат өтініш алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі; сол мерзімде уәжді бас тарту жіберіледі (1.3-тармақта көрсетілген Қағидалардың 16-тармағы). Өзге талаптар оларға қолданылатын мерзімдерде орындалады. Келісімді кері қайтарып алу мерзімі неғұрлым қысқа арнайы мерзімдерді алмастырмайды.
|
|
8.7. Автоматизированная обработка, в результате которой возникают, изменяются или прекращаются права и законные интересы субъекта, допускается только при наличии его согласия либо в предусмотренных законами случаях. Клиника разъясняет порядок и последствия, возможность возражения и защиты прав. Возражение рассматривается в течение трёх рабочих дней со дня получения с уведомлением о результате в соответствии со статьёй 19-1 Закона.
|
8.7. Нәтижесінде субъектінің құқықтары мен заңды мүдделері туындайтын, өзгеретін немесе тоқтатылатын автоматтандырылған өңдеуге оның келісімі болған кезде не заңдарда көзделген жағдайларда ғана жол беріледі. Клиника тәртіп пен салдарды, қарсылық білдіру және құқықтарды қорғау мүмкіндігін түсіндіреді. Қарсылық Заңның 19-1-бабына сәйкес алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаралады және нәтижесі туралы хабарланады.
|
|
9. Организация защиты персональных данных
|
9. Дербес деректерді қорғауды ұйымдастыру
|
|
9.1. Клиника назначает лицо, ответственное за организацию обработки персональных данных, утверждает необходимый и достаточный перечень данных для каждой цели и обеспечивает выполнение применимых требований к защите.
|
9.1. Клиника дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлғаны тағайындайды, әрбір мақсат үшін қажетті және жеткілікті деректер тізбесін бекітеді және қорғауға қойылатын қолданылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.
|
|
9.2. Меры защиты включают разграничение и учёт доступа, управление полномочиями, защиту передачи и хранения, регистрацию значимых действий, резервное копирование, обучение работников и контроль подрядчиков. Меры определяются с учётом используемых систем, категории оператора и Правил осуществления собственником и (или) оператором, а также третьим лицом мер по защите персональных данных, утверждённых приказом от 12 июня 2023 года № 179/НҚ.
|
9.2. Қорғау шаралары қол жеткізуді шектеуді және есепке алуды, өкілеттіктерді басқаруды, беру мен сақтауды қорғауды, маңызды әрекеттерді тіркеуді, резервтік көшіруді, қызметкерлерді оқытуды және мердігерлерді бақылауды қамтиды. Шаралар пайдаланылатын жүйелер, оператор санаты және 2023 жылғы 12 маусымдағы № 179/НҚ бұйрықпен бекітілген Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидалары ескеріле отырып айқындалады.
|
|
9.3. При обнаружении нарушения безопасности Клиника принимает меры по ограничению последствий, устранению причин и сохранению сведений об инциденте. Уполномоченный орган уведомляется в течение одного рабочего дня с момента обнаружения нарушения в порядке статьи 25 Закона. Иные уведомления направляются в предусмотренных законодательством случаях и порядке.
|
9.3. Қауіпсіздіктің бұзылуы анықталған кезде Клиника салдарды шектеу, себептерді жою және оқиға туралы мәліметтерді сақтау шараларын қабылдайды. Уәкілетті органға бұзушылық анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде Заңның 25-бабында белгіленген тәртіппен хабарланады. Өзге хабарламалар заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен жіберіледі.
|
|
9.4. Клиника определяет категорию оператора по статье 25-1 Закона с учётом общего числа уникальных субъектов во всех системах и повышения категории при обработке данных ограниченного доступа. При наличии обязанности по статье 10-1 Закона Клиника уведомляет уполномоченный орган до начала и прекращения обработки в установленном порядке.
|
9.4. Клиника оператор санатын Заңның 25-1-бабына сәйкес барлық жүйелердегі бірегей субъектілердің жалпы санын және қолжетімділігі шектеулі деректерді өңдеу кезінде санаттың жоғарылауын ескере отырып айқындайды. Заңның 10-1-бабы бойынша міндет болған кезде Клиника өңдеуді бастауға және тоқтатуға дейін уәкілетті органды белгіленген тәртіппен хабардар етеді.
|
|
10. Утверждение и изменение Политики
|
10. Саясатты бекіту және өзгерту
|
|
10.1. Политика вступает в силу со дня утверждения генеральным директором Клиники, указанного в грифе утверждения. Актуальная редакция размещается на Сайте с указанием даты введения в действие и предоставляется по запросу.
|
10.1. Саясат Клиниканың бас директоры бекіткен, бекіту грифінде көрсетілген күннен бастап күшіне енеді. Өзекті редакция қолданысқа енгізілген күні көрсетіле отырып Сайтта орналастырылады және сұрау салу бойынша беріледі.
|
|
10.2. При введении Политики и до начала новых операций Клиника обеспечивает соответствие форм согласия, уведомлений, перечня получателей, сроков хранения и технических настроек её требованиям. Контроль исполнения возлагается на лицо, ответственное за организацию обработки персональных данных.
|
10.2. Саясат енгізілген кезде және жаңа операциялар басталғанға дейін Клиника келісім нысандарының, хабарламалардың, алушылар тізбесінің, сақтау мерзімдерінің және техникалық баптаулардың оның талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Орындалуын бақылау дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлғаға жүктеледі.
|
|
10.3. Изменения утверждаются генеральным директором и публикуются на Сайте. Обновление Политики не расширяет автоматически ранее предоставленное согласие. При изменении цели, состава данных или условий, требующих согласия, Клиника получает его до начала соответствующей обработки.
|
10.3. Өзгерістерді бас директор бекітеді және олар Сайтта жарияланады. Саясаттың жаңартылуы бұрын берілген келісімнің аясын автоматты түрде кеңейтпейді. Келісімді талап ететін мақсат, деректердің құрамы немесе шарттар өзгерген кезде Клиника тиісті өңдеу басталғанға дейін келісім алады.
|
|
11. Реквизиты и контакты Клиники
|
11. Клиниканың деректемелері және байланыс деректері
|
|
Товарищество с ограниченной ответственностью «Центр глаза - АЙНА-КӨЗ» БИН: 990340009305. Юридический и фактический адрес, адрес для обращений: Республика Казахстан, Северо-Казахстанская область, г. Петропавловск, ул. Шухова, 34. Телефон: 8-778-103-88-33. Электронная почта: info@centrglaza.kz. Сайт: www.centrglaza.kz.
|
«Центр глаза - АЙНА-КӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі БСН: 990340009305. Заңды және нақты мекенжайы, өтініштерге арналған мекенжай: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Шухов көшесі, 34. Телефон: 8-778-103-88-33. Электрондық пошта: info@centrglaza.kz. Сайт: www.centrglaza.kz.
|